Университетімізде SDU GYM залы іске қосылды
Универстетімізде білімгерлерге арналған дене шынықтыру залының салтанатты ашылу рәсімі өтті. СДУ Мультидисциплинарлық орталығына қарасты SDU GYM залының қызыл лентасын СДУ ректоры Әлімжан Игенбаев пен Педагогика және гуманитарлық ғылымдар факультетінің деканы Жайнагүл Дүйсебекқызы кесті.
Дене шынықтыруға арналған құрал-жабдықтармен толықтырылған зал ішінде ұлдар мен қыздардың киім ауыстыруға арналған жеке бөлмелері бар. Сондай-ақ, атлетика, баскетбол, шағын спорттық ойындар ойнауға да жағдай жасалған.
Университеміздің даму стратегиясына сәйкес білім-ғылым мен қатар салауатты өмір салтын ұстануды қатар алып келеді.
