Университетімізге Педагогика және Гуманитарлық ғылымдар факультетінің шақыртуымен Гарвард университетінің түлегі, «Mazmundama» жобасының негізін қалаушы – Шыңғыс Мұқан қонаққа келді.
Кездесу барысында «Аударма ісі» мамандығының маңыздылығы, қазақ тілінің құндылығы жайлы сөз қозғалды. Сол себепті Шыңғыс мырза тіл мамандықтарының қазіргі қоғамдағы рөлі мен олардың жоғары сұранысқа ие екендігін айтып өтті.
Айта кетейік, «Mazmundama» жобасы әлемдік бестселлер кітаптарын қазақ тіліне аударумен айналысады. Бүгінгі күні 300 мыңнан артық оқырманы бар.
Университет атынан Шыңғыс мырзаға студенттердің өз мамандықтарына деген қызығушылығын арттырып, ілімге толы кездесу өткізгені үшін алғысымызды білдіреміз!