Бүгін сағат 10:00-15:00 аралығында университетте executive-тренер Аида Шыныбекованың “Коучинг, как стиль управления” атты семинары өтті.
Ол Орталық Азия, Қазақстан, Кавказ, Ресей және ТМД елдерінде ICF ACTP халықаралық стандарттары бойынша коучтарды оқыту және сертификаттау құқығы бар Erickson Coaching International (Канада) халықаралық сертификаттау бағдарламаларының тренері. Thomas Personal Profile Analysis (DISC) әдістемесі бойынша фасилитатор, тәжірибелік кеңесші.
Воркшоп барысында мұғалімдердің тұлғалық дамуы мен қызметіндегі өнімділікті арттыру бойынша лекция өтті.
Лекцияцан бөлек, практикалық тапсырмаларға да арнайы уақыт бөлінді. Мұғалімдер Аида ханыммен сабақ беру және студенттермен қарым-қатынас барысында туындайтын мәселелермен бөлісті. Ал коуч тарапынан аталған мәселелердің шешімі айтылып, қатысушылар сұрақтарына жауап алды.