Инженерлік және Жаратылыстану ғылымдары факультетінің ұйымдастыруымен университетте Multimedia Fest 2023 өтті. Шарада ойын әзірлеу, графикалық дизайн, 3D анимация және фильм түсіру сияқты төрт түрлі санаттағы хакатондар өткізілді.
Шараға әртүрлі университеттерден 60-қа жуық команда қатысты. Мұқият іріктеуден кейін әр номинация бойынша үздік үш команда жеңімпаз деп танылып, марапаттарға ие болды.
Іс-шара қатысушылар үшін өз таланттарын көрсетіп, құрдастарынан керектісін үйрену үшін тамаша алаң болды.