Сіздерге СДУ-дың Синсинати университетімен (University of Cincinnati-Main Campus) серіктестікті дамыту грантын жеңіп алғанын үлкен қуанышпен хабарлаймыз! Американдық Кеңес грантты АҚШ пен Қазақстан университеттері арасындағы серіктестікті дамыту жобасының бір бөлігі ретінде және АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігінің демеушілігімен берді.
Синсинати университетінің «Cybersecurity Lab» жобасы Қазақстанда осы салада инновациялық және практикалық қабілеттері бар мамандарды даярлау мақсатында, университет деңгейінде киберқауіпсіздік бойынша білім берудің тиімділігін арттыруға бағытталған.
Синсиннати университеті жоба қатысушыларын атап өтті: СДУ компьютерлік ғылымдар кафедрасының меңгерушісі – профессор Жанар Мұқаш пен Құқық және әлеуметтік ғылымдар факультетінің мұғалімі – Абай Мағауия мырза.
Сіздерді шын жүректен құттықтай отыра, Университет атынан алғысымызды білдіреміз!