Наурыз айындағы Еуропа елдеріне іс-сапар барасында Жаратылыстану кафедрасының басшылығы бірнеше университетпен меморандум жасасты. Атап айтсақ, Францияның Лиль университеті мен College de Paris International; Испанияның Barcelona және Италияның La Sapienza университетінің өкілдерімен кездесіп, келісім жүргізілді.
Кездесу барысында аталған университеттер мен СДУ арасындағы болашақ серіктестік туралы сөз етілді. Нәтижесінде студенттер мен қызметкерлер үшін академиялық алмасу;
Магистратура және PhD докторанттардың практикадан өту; Ғылыми зерттеу жұмыстарын бірлесіп жазу секілді мүмкіндіктерге ие болдық.
Бұл ынтымақтастық өз жалғасын табады деп сенеміз!