СДУ-да журналистикадан Республикалық пән олимпиадасы өтті
16-17 наурыз аралығында СДУ Әлеуметтік ғылымдар кафедрасының ұйымдастыруымен «6В032 – Журналистика және акпарат» даярлау бағыты бойынша ХV Республикалық пән олимпиадасы өтті.
Олимпиадаға 17 университеттің журналистика мамандығында оқып жатқан 2-3 курс студенттері қатысты. Конкурс бағдарламасы кейс шешу, ақпарат жазу және мультимедиалы өнім дайындау кезеңдерінен тұрды. Білімгерлердің медиа этика, фактілерді тексеріп қолдану, медиа сауат пен журналистикадағы құқық бойынша білімдері сынға алынып, мəтін мен контент дайындау дағдылары қарастырылды.
Олимпиада барысында қатысушыларға мәдени іс-шара мен фотомарафон және жетекшілерге тренингтер өткізілді. 3 кезең бойынша жоғары ұпайға ие болған қатысушылар I-III дәрежелі диплом және бағалы сыйлақтармен марапатталды.



