Университетімізде бизнес саласындағы қызметкерлердің кәсіби біліктілігін арттыру аясында «Іскерлік коммуникация» атты тренинг өтті. Бұл тренингтің мақсаты – іскерлік ортада тиімді қарым-қатынас жасаудың білімдері мен дағдыларын меңгеру.
Спикер Бизнес мектебінің магистратура бағдарламаларының директоры – Гаухар Әліпбай болды.
Тренинг бағдарламасы төмендегідей тақырыптарды қамтыды:
- Бизнестегі тиімді коммуникациялардың рөлі;
- Әңгімелесушіге әсер етудің вербалды және вербалды емес тәсілдері;
- Өзін-өзі таныстыру;
- Сендіру әдістері;
- Белсенді тыңдау техникасы;