ТМД елдеріндегі орыс тілі жылына орай, MDE оқытушылары тілдік емес мамандықтардың 1-2 курс студенттері арасында орыс тілі және сөйлеу мәдениеті бойынша, ЖОО аралық студенттік олимпиада өткізді. Олимпиадаға 5 жоғары оқу орнының студенттері қатысты: АӘжБУ, ХАТУ, ЛжКА, Тұран университеті және СДУ.
Жалпы олимпиада 4 кезеңнен тұрды. Олимпиада қонақтары мен қатысушыларын оқу ісі жөніндегі проректор Андрей Владимирович Богданчиков құттықтап, осындай ЖОО аралық кездесулердің оң серпіні туралы өз пікірін білдірді.
Қазылар алқасының мүшелері ретінде Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Абай атындағы ҚазҰПУ профессорлары мен оқытушылары, жетекші мектеп мұғалімдері шақырылды.
Олимпиаданың қорытындысы бойынша, Тұран университетінің командасы үздік атанды. СДУ мен АӘжБУ студенттері екінші орынды, ЛжКА және ХАТУ командалары үшінші орынды иеленді. Марапаттар мен естелік сыйлықтарды MDE директоры А. Қуанышбаева табыс етті.