Бірінші курс студенттеріне Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің доценті, филология ғылымдарының кандидаты, белгілі фольклортанушы ғалым Сәкен Тілеубаев «Шешендік сөздердің түрлері мен жанрлық ерекшелігі» тақырыбында дәріс өткізді. Дәріс барысында шешендік өнердің тарихы, оның әлеуметтік және тәрбиелік маңызы, қазақ би-шешендерінің қоғамдық-саяси қызметі туралы сөз етіліп, студенттер ойларында жүрген сұрақтарын қойды.
Дәріске қонақ ретінде ҚазМҰУ-дан ф.ғ.к Н. Сағындықов, ф.ғ.к Е. Кәрібозов, СДУ Педагогика және гуманитарлық ғылымдар факультетінің деканы Ж. Дүйсебекова, «Тілдік білім беру» кафедрасының меңгерушісі А. Ноғайбаева, доцент Ж. Мәмбетов, магистратура және докторантура координаторы А. Абиыр қатысты.
Сонымен қатар қонақтар мен Ж. Дүйсебекова арасындағы ой-пікір алмасу барысында екі университет арасындағы өзара байланысты күшейту мәселесі төңірегінде сөз қозғалды.