СДУ-ға Aston университетінің профессоры Sue Garton мен Freiburg Педагогикалық университетінің профессоры Matthias Hutz қонаққа келді.
Шетелдік қонақтар университет студенттерімен және қызметкерлерімен кездесіп, “Theorising practice and Practicing theory” – атты дәріс өткізіп, өз тәжірибесімен бөлісе отыра, оқытушылар мен студенттердің сұрақтарына жауап берді.
Тілдік білім беру бағдарламасының студенттеріне арнайы ұйымдастырылған кездесудің басты мақсаты – олардын өз мамандығына деген сүйіспеншілігі мен ынтасын арттыру.
Жалпы кездесу барысында Педагогика және Гуманитарлық ғылымдар факультетінің деканы Жайнагүл Дүйсебекова мен профессорлар арасында алдағы уақытта екі жақты білім беру саласы бойынша Қазақстан – Ұлыбритания ынтымақтастығын дамытудың өзекті мәселелері талқыланды. Сонымен қатар Тілдік білім беру саласындағы академиялық, мәдени және ғылыми алмасуды жақсартудың жолдары ұсынылды.