Сулейман Демирель атындағы Университетке Алматы қаласы Әуезов ауданында орналасқан орта білім беретін отыздан аса мектеп дирокторлары қонаққа келді. Келудегі мақсаты мектептер мен жоғары оқу орындары арасында тығыз қарым-қатынас орнату, бірлескен жобалар құру, мұғалімдердің біліктілігін арттыру және оқушылардың қалаған мамандықтарын таңдап алуы үшін профориентациялық кеңестер, іс-шаралар жүргізу болатын.

