Университетіміздің ұстаздары Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде өткен «Ұлттық құндылықтар академиясы» қоғамдық бірлестігінің алғашқы кеңейтілген ғылыми кеңесіне қатысты. Ғылыми кеңесте Оқу-ағарту вице-министрі Шолпан Таңатқызы онлайн форматта сөз сөйлеп, министрдің құттықтауын жеткізді. Іс-шараға Педагогика ғылымдарының докторы, профессор Берікжан Айтқұлұлы, п.ғ.д. профессор Оразбаева Фаузия, Қазақстан Педагогикалық ғылымдар академиясының президенті Асқарбек Құсайынов, Қазақстанның Еңбек ері Аягүл Төреқызы, қоғам қайраткері, ғалым Асылы Осман, Жанат Дәулетбекова т.б. ұлт жанашырлары қатысты.
Кеңесте ресми түрде СДУ мен Академия арасында меморандумға қол қойылды. Аталған келісім-шарт аясында Педагогика және гуманитарлық ғылымдар факультеті құндылықтарға негізделген білім беру бағыты бойынша жұмыс атқаратын болады.
