Сулейман Демирель Университеті және Алматы қаласындағы «Педагог академиясы» қоғамдық қорының аясында Қазақстанда тұңғыш ашылған тегін инклюзивті бастауыш сынып мектебі арасында меморандумға қол қойылды.
Педагогика және гуманитарлық ғылымдар факультеті аталған мектепке ғылыми-әдістемелік және әлеуметтік тұрғыдан қолдау көрсететін болады. Бұл өз кезегінде еліміздің инклюзивті білім беру саласының дамуына өз үлесін қосады.
Айта кетейік, Университетімізде 2020 жылдан бері «Мектепке дейінгі білім беру», «Бастауыш сынып мұғалімдерін даярлау», «Педагогика және психология», «Құндылықтарға негізделген әлеуметтік педагогика» мамандықтары оқытылады.