22 қаңтарда Сулейман Демирель атындағы Университетке қарасты Біліктілікті арттыру және Инновация орталығының ұйымдастыруымен өткен «Winter School 2023: Less is More» қысқы мектеп өз мәресіне жетті.
«Winter School 2023: Less is More» – жоғары білім саласындағы оқытушыларға арналған 36 сағаттық онлайн асинхронды біліктілікті арттыру бағдарламасы. «Winter School 2023: Less is More» бағдарламасының мақсаты – Қазақстанда білім саласындағы өзекті идеяларды таныту және ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға үлес қосу.
Бағдарлама 14 тақырыпты қамтыды және басты назар білім беру тенденцияларына арналған, оған қоса екі арнайы тректер ұсынылды: «STEM & Бизнес» пен «Гуманитарлық & Әлеуметтік Ғылымдар».