12-13 қаңтар күндері Сулейман Демирель атындағы Университет қабырғасында республикалық «Ұлттық құндылықтардың әр түрлі аспектілері: Білім, Еңбек, Тәрбие» атты кеңейтілген оқу-әдістемелік кеңес отырысы өтті.
Мақсаты: Құндылыққа негізделген білім берудің әртүрлі аспектілері негізінде сапалы білім мен тәрбие берудің мүмкіндіктері мен бірыңғай ашық кеңістігін құру, жеке тұлғаның әл-ауқатын қамтамасыз ету үшін қолайлы білім беру ортасындағы жұмыстарды жақсарту.
Міндеттері:
1. Мамандандырылған білім беру ұйымдарына арналған қолжетімді сапалы біліммен қамтамасыз ету;
2. Дарынды және қабілетті балаларды қолдау және дамыту мәселелері бойынша педагогтардың инновациялық тәжірибелерін тарату;
3. Білім алушылар бойында өмірлік құндылықтарды қалыптастыру;
4. Желілік қоғамдастықта ашық, позитивті, қолдау білдіретін өзара қарым-қатынас орнату.
