Университетімізге Қырғыстанның Ала-Тоо университетінің ректоры мен профессорлық оқытушылық құрамы қонаққа келді. Келудегі мақсаты Сулейман Демирель атындағы Университеттің оқу жүйесімен танысу, білімгерлерге жасалған жағдайды көру, оқытушылық құраммен тәжірибе алмасу. Күн тәртібіне сәйкес білім ордаларының басшылары екі жақты ынтымастық келіссөздер жүргізді. Сондай-ақ, СДУ басшылығы қонақтарға кампус тур жасап, оқу бағдарламалар және университеттің қызметімен таныстырды.
СДУ шетелдік және отандық жоғарғы оқу орындарымен тәжірбие алмасуға әрдайым дайын.
