2023 жылғы 10 қаңтарда Сулейман Демирель атындағы Университеті Педагогика және Гуманитарлық ғылымдар факультетінің деканы қызметіне Дүйсебекова Жайнагүл Мұратқызы тағайындалды.
Жайнагүл Мұратқызы 2012 жылы Сулейман Демирель университетінің “Қазақ тілі және әдебиеті” БББ-сын аяқтаған соң ассистент-оқытушы ретінде жұмысқа орналасқан. Кейін Педагогика және Гуманитарлық ғылымдар факультетінің аға оқытушысы, ассистент профессоры, оқытушы-зерттеуші қызметтерін атқарып, ал қазіргі таңда СДУ қауымдастырылған профессоры лауазымына ие.
2019-2020 жылдар аралығында “Қазақ тілі және әдебиеті” БББ-ның ВА, МА PhD деңгейлері координаторы, 2020-2021 жылы факультеттің магистрлік бағдарламалары директоры қызметтерін атқарған.
2021 жылдан бүгінгі күнге дейін Университеттің Мультидисциплинарлық білім беру орталығының директоры болып қызмет атқарды.
