Сулейман Демирель атындағы Университет мекемесіне қарасты Біліктілікті Арттыру және Инновация орталығы Қарасай ауданының орта мектеп басшыларына, әдіскерлеріне және мектеп мұғалімдеріне арналған «Орта Білім Беру үдерісіндегі кедергілер» атты біліктілікті арттыру бойынша семинар-тренинг өткізді. Бұл іс-шара орта білім беру саласының мәселелерін анықтап, ұжым ішіндегі қарым-қатынасты және ата-ана мен балаға негізделген қарым-қатынасты дұрыс құрудың тәсілдерімен бөлісуге арналған. Бағдарламаға сәйкес, «XXI ғ. дағдылары, Құндылыққа негізделген білім беру, Жиналыс өткізудің тиімді жолдары, Альфа ұрпағы несімен ерекшеленеді және олармен қалай жұмыс істейміз, Ішкі жайсыздықтың белгілері» тақырыптарында баяндамалар жасалды. Сондай-ақ, іс-шара барысында өзара тәжірибе алмасу мақсатында қатысушылар арнайы топтарға бөліну арқылы жұмыс істеді.
