Сулейман Демирель атындағы университетке Алматы қаласы Бостандық ауданында орналасқан орта білім беретін отыздан аса мектеп дирокторлары қонаққа келді. Келудегі мақсаты мектептер мен жоғары оқу орындары арасында тығыз қарым-қатынас орнату, бірлескен жобалар құру, мұғалімдердің біліктілігін арттыру және оқушылардың қалаған мамандықтарын таңдап алуы үшін профориентациялық кеңестер, іс-шаралар жүргізу болатын. Университет тарапынан Педагогика және Гуманитарлық ғылымдар факультетінің деканы Джемаль Өздемир мен факультет ұстаздары, Студенттерге қызмет көрсету орталығының директоры Омарбек Көшкімбайұлы келген қонақтарға баяндама жасады. Сондай-ақ, Бостандық ауданы Білім бөлімінің басшысы Қасымбек Айгүл Жұмабекқызы СДУ-мен әріптестік қарым-қатынасты нығайту әрі оқушылардың игілігі үшін атқарылатын жұмыстар бойынша жоспарларымен бөлісті.
