19 қазан күні Сулейман Демирель атындағы университетінде басшылықтың қатысуымен жаңа оқу блогының ашылу рәсімі өтті. Ашылу салтанатында ЖОО ректоры Әлімжан Игенбаев қызметкерлер мен білімгерлерді құттықтап, университет академиялық бағыттың ғана емес, инфраструктураның дамуына да аса көңіл бөлетінін атап өтті.
Жаңа блокта заманауи зертханалар, техникалық базасы бар аудиториялар, соңғы үлгідегі ыңғайлы жиһаз қарастырылған. Сондай-ақ СДУ Мультидисциплинарлық білім беру орталығы да жаңа блокқа көшірілді. Орталықта 113 қызметкер университет факультеттерінің білімгерлеріне болашақ құзіреттіліктеріне сай жоғары деңгейдегі білім берумен айналысады.
Блоктың құрылысы студент санының көбеюіне байланысты былтыр басталды. Жаңадан салынған 4 қабатты блок жоғары оқу орнына қосымша 1000 студент қабылдауға мүмкіндік береді.
Блок жаңа оқу жылында қолданысқа берілді. Құрылыс жұмыстары жоғары оқу орнын дамытудың стратегиялық жоспары аясында жүргізілді. Университеттің басты мақсаты – қызметкерлер мен білімгерлерге кең әрі жайлы кампуста жұмыс істеуге, білім алуға қолайлы орта қалыптастыру.