24 қыркүйекте Сулейман Демирель университеті қызметкерлері арасында «SDU GAMES 2022» спартакиадасы өтті. Мықты командалық ойын көрсеткендерге арнайы кубоктар мен дипломдар табысталды.
Спорттық жарысқа Инженерлік және Жаратылыстану ғылымдары факультеті, Бизнес мектебі, Педагогикалық және гуманитарлық ғылымдар факультеті, Құқық және Әлеуметтік ғылымдар факультеті, Студенттер үйі, Әкімшілік, Мультидисциплинарлық білім беру орталығы (MDE), АCCATERING командалары қатысты. Командалар волейбол, футбол, үстел теннисі, арқан тарту, эстафета сынды спорт түрлерінен жарысты.
Спартакиада бойы барлық ойынға белсенді түрде қатысып, нәтижесінде үздік команда атанған «Әкімшілер» тобы «SDU GAMES 2022 TEAM CUP» кубогін иеленді.
Сондай-ақ ойыншылардың арасынан ерекше көзге түскен мықты ойыншыларға түрлі номинациялар табысталды.