Бүгін Сулейман Демирель атындағы университетке Алматы облысы Қарасай ауданының әкімі Жасұлан Естенов қонаққа келді. Университет басшылығы жақында тағайындалған әкімді университет қызметімен, білім бағдарламаларымен таныстырды. Кампус тур барысында қонақтар жаңа оқу блогын, Студенттер үйін, жаңадан салынып жатқан кітапхананы аралады.
Өз сөзінде Жасұлан Тоққожаұлы СДУ-дың ауданның дамуында үлкен рөл атқаратынын айтып, жылы лебізін білдірді. Сондай-ақ жергілікті атқарушы орган ретінде оқу ордасын қолдайтындарын жеткізді.
Естеріңізге сала кетейік, Сулейман Демирель атындағы университеттің кампусы Қаскелең қаласына 2011 жылы көшірілген. 11 жылдан бері жоғары оқу орны аудан тұрғындарын жұмыспен қамтып, өңірде шағын және орта кәсіптің дамуына атсалысып келеді.