Біз туралы
Сулейман Демирель атындағы Университет 1996 жылы Тұңғыш Президент- Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев пен еліміздің тәуелсіздігін алғаш таныған елдердің қатарындағы Түркия мемлекетінің 9-шы президенті Сулейман Демирельдің қатысуымен ашылды.
Университеттің стратегиялық даму жоспарының басты мақсаты – еліміздегі және Орта Азиядағы таңдаулы, халықаралық үлгідегі жоғарғы оқу орындарының бірі болу.
Ең алғаш Алматы қаласында Орбита ықшамауданында білім беру бағдарламасымен шағын ғимараттан бастау алған білім ордасы бүгінгі таңда, Алматы облысы Қарасай ауданы Қаскелең қаласындағы 14 гектарлық алаңда заманауи талаптарға сай 40 мың шаршы метрлік кампус пен 20 000 шаршы метрлік жатақханасымен 7000-нан аса білімгерге білікті 271-ға жуық профессорлық оқытушы құрамымен білім беруде.
Университет құрамында 4 факультет мен Мультидисциплинарлық орталық жұмыс жасайды.
– Инженерлік және жаратылыстану ғылымдары факультеті
– Құқық және әлеуметтік ғылымдар факультеті,
– Педагогика және гуманитарлық ғылымдар факультеті
– Бизнес мектебі
Ағылшын тілінде білім беретін алғашқы университеттердің бірі болып табылатын университетте қазіргі уақытта 55 білім беру бағдарламасы бар, атап айтқанда 28 бакалавриат бағдарламасы, 20 магистрлік бағдарлама және 7 докторлық бағдарлама. SDU – да үш тілді білім беру жүйесі жұмыс істейді, соған сәйкес оның білім беру бағдарламаларының 62% -ағылшын тілінде, 20% – қазақ тілінде оқытылады, ал 18% – ағылшын, қазақ немесе орыс тілдерінде қолжетімді.
Білімгерлер толықтай ECTS (European Credit Transfer and Accumulation System – Кредиттерді аудару және жинақтаудың еуропалық жүйесі) жүйесі арқылы дәріс алып жатыр.
Профессорлық-оқытушы құрамы – еліміз бен шетелдің белді оқу орындарын бітірген өз істерінің мамандары болып табылады. Жалпы саны 271, оның ішінде 20% ғылым кандидаты, 36% PhD докторы жұмыс жасайды.
2020 жылында ғылыми зерттеу бағытындағы жобаларға 59 ғылыми қызметкер қатысып, нәтижесінде Scopus және Web of Science халықаралық дерекқорларында индекстелетін журналдарында сәйкесінше 33 және 19 ғылыми еңбектер жарыққа шықты. Бұдан бөлек университеттің ғылыми департаменті 4 ғылыми журнал жарыққа шығарады.
Ғылыми орталықтардың жұмысын ерекше атап өткен жөн, себебі университетімізде 1 ғылыми зерттеу институты, 7 ғылыми зерттеу орталықтары және 4 ғылыми зертханалар жұмыс жасайды. Олар 1 мақсатты – бағдарлы, 10 гранттық қаржыландыру негізінде жобаларды жүзеге асыруда. Олардың ішінде Қазақ тілі мен Қазақстан тарихы, математика, IT саласы бойынша жобаларды атап көрсеткен жөн.
Университетіміз Қазақстандық рейтингтік агенттіктерінің көрсеткіші бойынша жоғары орындарға ие. Мәселен, 2020 жылғы ҚР ҰКП АТАМЕКЕН рейтингінің нәтижелері бойынша Университет алғашқы 10 жоғарғы оқу орындарының ішіне кіріп, 6 орынды иеленді. Ақпараттық технологиялар бағдары бойынша үшінші, шетел тілі НААР рейтингі бойынша қатысқан 54 жоғарғы оқу орнының ішінде 14 орынға ие болды.
Университет биылғы жылы QS EECA (Emerging Europe and Central Asia) рейтингіне қатысып 350 орын алды. Сондай-ақ, Университет Халықаралық Impact Rankings сияқты рейтингтерге белсене қатысып, жоғары көрсеткіштерге жетуді алдына мақсат қойып отыр.
Университет үшін білім беру сапасын стандарттарға сәйкес жоғары көрсеткіштерге теңестіру өте маңызды. Осыған орай, Сулейман Демирель атындағы Университет мекемесі Аккредитация және Рейтинг Тәуелсіз Агенттігінің сараптамасынан жүйелі түрде өтеді.
СДУ-дің профессорлық-оқытушы құрамы мен студенттері бизнеспен серіктестік бағытында жұмыс жасайды. Ол жобаларды университетіміздің Технопаркі арқылы жүзеге асыруға барлық мүмкіндік жасалынған.
Барлық түлектеріміз қолданатын SDUConnect арнайы қосымшасына 2000 нан астам адам тіркеліп, кәсіби даму, білім алу, байланыс, жұмыс іздеу туралы жаңалықтар мен пікір алмасып отырады.
Университетіміздің стратегиялық дамуының негізгі бағыттарының бірі – Интернационализация. Бұл бағыт бойынша бүгінге дейін Университетке шетелдік топ менеджерлер тартылып, профессорлық-оқытушылық құрамның қатарына шетелдік мамандар тартылды. Жыл сайын жүзге жуық білімгеріміз Мобильдік ұтқырлық саясатымен шетелде білім мен тәжірибе алмасып келді.
Қазіргі күні университет факультеттерінде Орта Азия, Африка, Қытай, Ресей. Моңғолия сияқты елдерден 185 шетелдік студент білім алуда.
26 мемлекеттегі 56 университетпен ынтымақтастық меморандум жасалып бүгінгі таңда академиялық ұтқырлық, тәжірибе алмасу бойынша бірлескен жобалар атқарылуда. Бұдан бөлек, университетіміз ERASMUS жобалары бойынша Педагогика және Инженерия бағытында жұмыс жасауда.

Халықаралық рейтингтер
Рейтингтің атауы / Агенттік | Жыл | Орын | Сайтқа сілтеме | |
| Round University Ranking | 2020 | 731 | |
Round University Ranking | 2021 | 696 | ||
| Дамушы Еуропа және Орталық Азия университеттерінің QS рейтингі | 2021 | 351-400 | |
| Әсер ету рейтингі: сапалы білім | 2021 | 301-400 | |
| Әлем университеттерінің вебометриялық рейтингі | 2021 | 5950 |
SDU & The Bologna Declaration
In March 2010, Kazakhstan became the first Central Asian state to sign up to the Bologna Declaration and to become a member of the European Higher Education Area (EHEA). Since then, the country has adopted the three-cycle system of education (Bachelor’s, Master’s & PhD level) and is maintaining standards using different benchmark frameworks, including the European Quality Assurance Register (EQAR). Many higher education institutions in Kazakhstan, SDU included, are now also actively implementing the European Credit Transfer System (ECTS) to facilitate international mobility by promoting recognition of academic qualifications attained in Kazakhstan.