Салааралық ғылым Институты
SDU University-дің Салааралық ғылым институтының мақсаты – отындық және халықаралық ғыламдардың ғылыми жұмыстарының әлеуетін кеңейту мен қолдау. Институт ғылыми кездесулер, бірлескен ғылыми жобалар, ізденіске байланысты тапсырылатын құжаттар жарнасын көтеру сияқты ғылыми жұмыспен байланысты әрекеттерді қолдайды. Қазіргі таңда институт қабырғасында 6 ғылыми орталық пен 5 зертхана жұмыс жасайды.
Ғылыми Орталық институттары:
- А. Байтұрсынов атындағы түркітану ғылыми институты
- “Ақпараттық технологиялар” ғылыми орталығы
- Экономика, әлеуметтік және Бизнес зерттеулер орталығы
- “Дискреттік математика және математикалық логика” зерттеу орталығы
- Салааралық зерттеу орталығы
- Антропология
Ғылыми зертханалар:
- Тіл, мәдениет және қатынас
- Қолданбалы лингвистика
- Тіл өнерін зерттеу
- “Neonomads”кино және аудиовизуалды өнер ғылыми зертханасы
- Әлеуметтік сараптама және болжау зертханасы
Жетекші: Д.Ысқақұлы PhD, Professor
Ғылыми орталық терминология, салыстырмалы әдебиет, түркі әлемінің ортақ мәдени құндылықтары сияқты Түркітанудың ортақ мәселелері негізінде журналистика, тіл және әдебиет саласындағы зерттеулерді басқарады. Институт қосымша сыртқы қаржыландырудың негізінде (ҚР БҒМ гранттары, халықаралық шарттар) Университет базасында жұмыс жасайды.
Орталықтың қызметкерлері – Сулейман Демирель атындағы Университеттің қызметкерлері. А.Байтұрсынұлы институты филология саласының перспективалы негізгі және қолданбалы зерттеулерді жүргізеді.
Орталық бірнеше зертхананың басын қосады:
- “Тіл. Мәдениет. Қатынас”- Зертхана меңгерушісі – Ахметжанова З.К. Ph.D.
- “Қолданбалы лингвистика”- Зертхана меңгерушісі – Кудеринова К. Ph.D
- “Тіл өнерін зерттеу” – Зертхана меңгерушісі – Керімбекова А. PhD
Жетекшісі: Амиргалиев А. Проф.
Бұл орталықтың мақсаты – институттың ғылыми бағытына сәйкес математика, компьютерлік ғылымдар мен менеджмент, жаңа құрылғыларды прототиптеу салаларында негізгі және қолданбалы зерттеулердің бәскеге қабілеттілігін және жоғары деңгейлі ғылыми-технологиялық нәтижелерін қамтамасыз ету. Орталық жұмысы дизайн саласындағы тәжірибе жұмыстары, қолданбалы технологияны дамыту, ақпараттық технологиялардың математикалық формаларын жасау және қолдану салаларын зерттеуді де қамтиды.
Жетекшісі: Болат Л. Татибеков PhD.
Экономика, Әлеуметтік және Бизнес ғылыми-зерттеу орталығы Сулейман Демирель атындағы Университеттің Бизнес мектебінің ғылыми-зерттеу әлеуетін көтеру және қолданбалы экономикалық білім беруді дамыту үшін құрылған. Орталық теортиялық, әдістемелік және практикалық маңызы бар ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізеді.
Жетекшісі: Байжанов Б.С. т.ғ.д. профессор
Орталықтың негізгі мақсаты – дискреттік математика және математикалық логика бағытында ғылыми зерттеу жүргізу, математикалық логикаға қатысты ғылыми жұмыстарға жас ғалымдарды тарту. Сонымен қатар бакалавриат, магистратура, докторантура тыңдаушыларының, жас мамандардың ақпараттық технологияда математикалық әдістерді қолдануда ғылыми әлеуетінің өсуіне жағдай жасау.
.