Студенттердің алмасу бағдарламасымен келуі
Академилық ұтқырлық бағдарламасы бойынша оқуға келетін студенттердің оқуын ұйымдастыру саясаты:
- Алмасу бағдарламасымен келген студентті өз оқу орны тағайындайды, және серіктес оқу орны қабылдауы керек. Алмасу бағдарламасы бойынша келген әр студент өзі оқуға баратын факультет және бағдарлама талаптарына, сондай-ақ курстарға қажет пререквизиттер бойынша сәйкес білімі болуы қажет.
- Алмасу бағдарламасы бойынша оқитын студенттер саны тек серіктестердің өзара келісімі бойынша шектеледі.
- Алмасу бағдарламаларына үміткер студент келесі жалпылама критерийлерге сәйкес болуы қажет:
- Өз университетінде толыққанды студент болуы
- GPA көрсеткіші 2.75-тен жоғары
- Ағылшын тілін жетік деңгейде меңгерген (IELTS 6.0). Өз университетінде оқыту тілі ағылшын болса, халықаралық бөлімнен/факультеттен хат немесе университет әкімшілігінен хат
- Алмасу бағдарламасымен оқитын әр студент өз университетінің алмасу тәртібін сақтауы тиіс. Ол қабылдап алатын университетте оқу ақысын, өтінім жарнасын, тіркеу жарнасын төлеуден босатылады,бірақ келесі шығындарды өз қалтасынан көтеруі тиіс:
Медициналық сақтандыру мен емделу шығындары - Бару/келу жол шығыны
- Тұрғылықты жері мен тамағы
- Виза шығындары
- Сабаққа қажет материалдар алу
- Студенттік үйірмелерге қатысу (келісімшартта көрсетілмеген болса)
- Шетелде тұрған кезде болуы мүмкін шығындардың барлығы.
- Алмасу бағдарламасына тек күндізгі бөлім (full time) студенттері ғана қатыса алады.
- Алмасу бағдарламасына қатысушы студенттер өздерінің оқу бағдарламасын алдын-ала дайындайды, және оны Оқу туралы Келісімшартты толтырған кезде көрсетеді.
- Алмасу бағдарламасына қатысушы студенттер қабылдаушы Жоғарға оқу орны мен сол мемлекеттің барлық заңдары мен ережелеріне бағынуы тиіс.
- Қабылдаушы жоғарғы оқу орындары алмасу бағдарламасымен оқитын студенттің бағаларын/транскриптерін студентті жіберген университетке тегін әрі уақтылы жіберуі тиіс.
SDU University-ге келетін алмасу бағдарламасына қатысушы студентті серіктес университет ұсынады. Ол үшін серіктес университеттің өкілі келесі құжаттарды жіберуі керек:
– Студенттің паспортының сканерленген көшірмесі.
– Түсті фото (3х4 паспорт өлшемінде)
– Ресми транскрипттің сканерленген көшірмесі (түпнұсқасын студенттің өзі келген кезде тапсыруы керек)
– Қажет болған жағдайда жатақханадағы орынға өтініш
– Ағылшын тілін меңгеру деңгейі туралы құжат (университеттен хат, IELTS 6.0 деңгейінде сертификат)
Күзгі семестрге оқуға келу үшін өтінімді Сәуірдің соңына дейін, ал Көктемгі семестрге келу үшін Қазан айының соңына дейін толтыру керек.
Келер алдында:
SDU Халықаралық қатынастар офисінен қабылдау туралы хатты алыңыз. Виза қажет болған жағдайда келесі құжаттарды дайындаңыз:
– Паспорттың сканерленген көшірмесі
– Үй мекен-жайы туралы анықтама
– Сіз визаға құжат тапсыратын қала
Арнайы нөмірі көрсетілген Шақыру хатын алып, сол хатпен өз еліңізден визаға тапсырыс беріңіз.
- Тұрғылықты жер
Екіжақты келісімде көрсетілген болса, SDU серіктес университеттен келетін студенттерге жатақханадан орын дайындайды.
Келгеннен кейін орналастыру саясаты:
Алмасу бағдарламасымен келетін студенттердің координаторынан қажетті құжаттар тізімін алыңыз. Координаторға өзіңіз әкелген сертификаттар мен дипломдарды тапсырыңыз.
Виза бойынша координаторға келесі құжаттарды дайындап тапсырыңыз:
- Паспорттың көшірмесі;
- Көші-қон картаңызды;
- Паспорттық суреттің (3х4) 2 данасы;
- Тұрғылықты мекен жайыңызды
Университет кампусындағы компьютерлерге және Wi-Fi–ға қосылу үшін қолданушы атыңыз бен құпиясөзді координатордан алыңыз;
Студенттік билет пен Студенттік Кітапхана абонементін алу үшін төмендегі құжаттарды тапсырыңыз:
- Паспортыңыздың көшірмесі
- 3*4 өлшетдегі суретіңіз
Түсіндірме сессиясына қатысыңыз (Университет күнтізбесінен қараңыз)
Add/drop уақыты кезінде жаңа курстарға тіркеліп, олардан бас тарта аласыз.
- Шетелдік студенттерді қабылдау
Шетелдік студент жыл бойы кез-келген уақытта университетіміздің академиялық бағдарламаларына құжат тапсыра алады.
Алайда, үміткер нақты семестрге тапсыру үшін Қабылдау комиссиясы белгілеген мерзімге назар аударуы керек.
Үміткер оқуға түсу процесі туралы барлық сұрақтарын Қабылдау комиссиясына жіберулері керек.
Орта білімі бар (Жоғары мектепті бітірген) үміткерлерге қажет құжаттар тізімі:
- Өтініш формасы (онлайн толтырылады)
- Паспорт немесе Жеке куәлік көшірмесі
- JPEG форматындағы суреті
- Мектепті бітіргені туралы аттестат (оригинал)
- Медициналық құжаттар
- Мүмкін болса: Ағылшын тілінен Халықаралық тесттердің нәтижелері (IELTS, TOEFL, CambridgeEnglishExam, т.б.)
- Үміткерлер өздері маңызды деп санайтын кез-келген басқа құжаттарды, мысалы, ұлттық және халықаралық сертификаттардың көшірмелері, марапаттар мен құрмет грамоталары, (бұл құжаттардың берілген күні өтініш беру күніне дейін үш жылдан аспауы тиіс) жіберулеріне болады.
Маңызды: Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шет тілдерінде берілген құжаттардың мемлекеттік немесе орыс тіліндегі куәландырылған аудармасы болуы керек. Кейбір жағдайларда Қабылдау комиссиясы үміткерден қосымша құжаттарды талап етуі мүмкін, мысалы: диплом берген оқу орнының лицензиясы; оқу орнының аттестаттауды және аккредиттеуді растайтын құжат; дәрежесін, мамандығы немесе дипломын растау.
Толық толтырылмаған өтінімдер қабылдау процедурасының кешігуіне және өтінішті қабылдау немесе қабылдамау туралы шешімге әсер етуі мүмкін.
Берілген ақпарат жалған немесе қатеболса, Университет өтінішті қабылдамайды. Мұндай жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, Қабылдау комиссиясы өтінішті құқық қорғау органдарының қарауына жіберуге құқылы.
- ҚАБЫЛДАУ КРИТЕРИЙЛЕРІ
Орта білім туралы құжат – Аттестат (диплом).Орта мектепті немесе кәсіптік-техникалық лицейді, колледжді бітіргені туралы аттестат/диплом (түпнұсқа).
Ағылшын тілі сертификаты
Онлайн сұхбаттан өту
- Нострификация
Қазақстан Республикасы Лиссабондық конвенцияға қол қойған, яғни елімізде оқуды қалайтын шетелдік үміткерлердің біліктілігі туралы құжаттардың күші бар. Лиссабондық конвенция туралы қосымша ақпарат алу үшін мына сілтемеге өтіңіз:
SDU әлемнің әр түпкірінен келген студенттерді қабылдауға дайын. Университетке түсетін үміткердің шетелдік сертификат немесе дипломы бірінші семестрде нострификация рәсімінен өтуі керек: бұл Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңының 39-бабына сәйкес талап етіледі.
SDU University студенттерге нострификация процедурасы бойынша кеңестер мен қолдау көрсетуге дайын. Дегенмен, университет сертификат немесе дипломның нострификациядан өтуіне кепілдік бермейді. Болон процесі және Академиялық ұтқырлық орталығы нострификация жасамаған жағдайда студенттің алдында ешқандай жауапкершілік алмайды.
1 қадам:
Келесі құжаттарды алып келіңіз/сұратыңыз:
- Апостиль қойылған немесе заңдастырылған дипломның түпнұсқасы және оған қосымша / транскрипт
- Тегіңіз өзгерген болса, соны растайтын құжат
*1993 жылғы 22 тамыздағы Минск конвенциясына сәйкес ТМД елдерінде (Грузияны қоспағанда) алынған академиялық құжаттар апостиль жасау мен заңдастыруды қажет етпейді.
2 қадам:
Келесі құжаттарды мемлекеттік немесе орыс тіліне аударып, жергілікті нотариуста нотариалды куәландіруден өткізіңіз:
- Апостильденген немесе заңдастырылған дипломның түпнұсқасы мен қосымшасы/транскрипт.
- Паспортыңыздың көшірмесі (шетел азаматтары үшін 2 көшірме)
- Тегіңіз өзгерген болса, соны растайтын құжат
3 қадам:
- Нострификация жарнасын төлеңіз
- Жоғарғы және жоғарғыдан кейінгі білім туралы құжаттар үшін 10 АЕК*
- Техникалық немесе кәсіптік білім туралы құжаттар үшін 8 АЕК
- Орта және жоғарғы орта білім туралы құжаттар үшін 6 АЕК
RGP “CBP&AM” MON RK
RTN 62020025636
BIN 050640004360
IIC KZ236010111000227192
AO Halyk Bank
JSC BIC HSBKKZKX
Kbe 16
4 қадам:
Жеке идентификациялық нөміріңізді рәсімдеңіз (шетел азаматтары үшін).
Құжаттарды нострификацияға тапсырудың алдында шетелдік студенттер міндетті түрде жеке идентицикациялық нөмірді алуы керек. Оны алу үшін студент паспортының нотариалды куәландырылған кһаудармасын Халыққа Қызмет Көрсету Орталығына әкелуі тиіс.
5 қадам:
Келесі құжаттардың барлығын Қалыққа Қызмет Көрсету Орталығына әкеліп тапсырыңыз:
- Мемлекеттік немесе орыс тіліне аударылған, нотариалды куәландырылған диплом мен оның қосымшасы/транскрипт.
- Мемлекеттік немесе орыс тіліне аударылған, нотариалды куәландырылғанстуденттің паспорты
- Тегіңіз өзгерген болса, соны растайтын құжат (шет тілінде болса, оның мемлекеттік немесе орыс тіліне аударылған, нотариалды куәландырылған көшірмесі)
- Жарнаның төленгені туралы түбіртек
- Құжаттарды тапсыру үшін толтырылған өтінім.
- Құжаттарға арналған папка
6 қадам:
Құжаттарыңызды нострификацияға тапсырғаныңыз туралы құжатты алып, оны SDU Қабылдау комиссиясына өткізіңіз.
7 қадам:
Халыққа Қызмет Көрсету Орталығынан дипломды нострификациялау процедурасының нәтижесін алып (ең ұзақ 3 айда дайын болады), SDU Қабылдау комиссиясына өткізіңіз.
- ЖСН алу туралы
SDU University-ге келетін шетел азаматтарының ЖСН алу процедурасы.
- Университетте оқып жатқаныңыз туралы анықтаманы алу үшін SDU-дің Студенттерге қызмет көрсету орталығына (Студенттік бөлімге) хабарласыңыз (анықтамалықүлгілерді көру үшін хабарландыру тақтасын қараңыз).
- Паспортыңызды мемлекеттік немесе орыс тіліне аудару үшін жергілікті нотариусқа хабарласуыңыз қажет (Қаскелеңдегі нотариустың мекен-жайлары: Қарасай батыр көшесі 2 (бұрынғы Пушкин) Ақ мешіттің жанында. Телефон номерлері: +7 727 371 47 29
- Қаскелең қаласындағы Қарасай ауданының салық департаментінде керекті формаларды толтырып, сол жердегі қажет терезеге тапсырасыз (Салық департаментінің мекен жайы: Қаскелең қаласы, Тәуелсіздің көшесі 54А, Орталық базардың жанында, Телефон нөмірлері: +7 (72771) 2 17 55 ,2 15 31).
Назар аударыңыз! ҚАСКЕЛЕҢ ҚАЛАСЫНДА КЕРЕКТІ ЖЕРГЕ ЖЕТКІЗЕТІН ТАКСИ ҚЫЗМЕТІ БАР (такси қызметі тек қазақ және орыс тілдерінде) Телефон нөмірі: +7 701 232 00 88.
- Виза туралы
Қазақстанға келгеннен кейін тіркелу тәртібі
SDU-ға оқуға келген шетелдік азаматтардың паспортын тіркеу тәртібі:
- Алматы қаласы әуежайында немесе шекарада кеденнен өткен соң студент міндетті түрде 1 жұмыс күнінен кешікпей Халықаралық қатынастар офисіне (Е110 кеңсе) келіп, Виза координаторы немесе ассистентке барлық тіркеу құжаттарын тапсыруы керек.
- Қажетті құжаттар: паспорт, Кеден қызметкерлері берген миграциялық көші-қон картасы.
- Студенттік визамен келген студенттерге көші-қон департаментіне 1 жұмыс күнінің ішінде хабарлама берілуі тиіс.
- Визасыз келген студенттерге 2 жұмыс күнінің ішінде тіркеуге тұру міндетті.
- Виза координаторына немесе оның көмекшісіне тіркелу мерзімдері, заңдылығы және стандарттары сақталмаған жағдайда, студент тарапынан заңбұзушылық болған жағдайда ол тәртіптік кеңеске жіберіледі, кеңестіңшешіміменстудентуниверситеттеншығарылады.
- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ҚазақстанРеспубликасыныңӘкімшілік кодексінің 517-бабына сәйкес елде тұру мерзімі бұзылған жағдайда студентке 15-тен 20 АЕК-ке дейін айыппұл салынады. Айыппұлды студенттің өзі өтеуі тиіс, одан бөлек10 күнге дейін қамауға алынуы және депортацияға жіберілуі мүмкін.
SDU University-ге алмасу бағдарламасымен келуім үшін өтінімді неден бастауым керек?
Сіздің кандидатураңызды өзіңіздің университетіңіз таңдауы керек. Университетіңіз Халықаралық қатынастар офисінің iro@sdu.edu.kz электронды адресіне әр академиялық семестрге көрсетілген уақытқа сай хат жіберуі тиіс.
Бқл ақпаратты алу үшін Алмасу бағдарламасымен келетін студенттің өтінімі бөліміне өтіңіз.
Өтінімді қалай жіберуім тиіс: пошта, факс немесе электронды пошта арқылы қабылдана ма?
Оқу туралы шартқа, яғни SDU-дағы оқу жоспарына қол қойылып, мақұлданғаннан кейін құжаттарыңыздың көшірмесін iro@sdu.edu.kz электронды почтасына жіберуіңізді сұраймыз. Оған қоса, құжаттарыңыздың түпнұсқасын пошта арқылы Оқу туралы келісімшартпен бірге басқа да құжаттарыңызды пошта арқылы жібергеніңіз жөн.
Мекен-жайымыз:
1/1 Абылай хан көш., Қаскелең қаласы
Алматы облысы, 040900
Қазақстан Республикасы
Халықаралық қатынастар офисі
Оқу туралы келісімшарт алдымен өзіңіздің Университет басшылығымен қол қойылып, мөр басылуы тиіс. Құжаттың түпнұсқасы Халықаралық қатынастар офисіне жіберілуі керек.
Ағылшын тілін меңгеру деңгейі туралы сертификаттың болуы міндетті ме?
Академиялық ұтқырлық алмасу бағдарламасымен оқуға келетін студенттердің барлығы оқытылатын бағдарламаның талаптарына сай ағылшын тілін меңгеру деңгейін растайтын құжаты болуы керек.
Маған қаржылай көмек қажет. SDU University ондай көмек көрсете ме?
Жоқ. SDU алмасу бағдарламасымен оқуға келген студенттерге қаржылай көмек көрсетпейді.
Өтінім құжаттарымды тапсырған соң мен не істеуім керек?
Сіздің өтінім құжаттарыңызды қабылдаған соң SDU Халықаралық қатынастар офисі оларды тиісті академиялық департаменттерге жібереді. Өтінімді қарастыру уақыты әр департаментте әртүрлі уақыт алады. Департаменттің шешімі нақтыланған соң сіздің электронды поштаңызға хабарлама жіберіледі. Егер сізге шақыру хатының түпнұсқасы қажет болса, ол туралы Халықаралық қатынастар офисінің бас маманына хабарласыңыз. Егер сіздің өтінім қабылданбаса, қабылданбағаны туралы хабардар боласыз.
Сілтеме бойынша өтіңіз
Жоқ, SDU ондай мәселені шешпейді.
Мен SDU жатақханасында тұра аламын ба?
Иә, SDU University жатақханасында қазақстандық, шетелдік және алмасу бағдарламаларымен оқитын студенттер тұра алады. Бос орындар жатақханаға келіп түсетін өтінімдерге байланысты.
SDU University-дің барлық бағдарламалары ағылшын тілінде оқытыла ма?
Біздің университеттің негізгі бағдарламалары қазақ және ағылшын тілдерінде оқытылады. Кейбір білім бағдарламалары екі тілде оқытылады: бірі толық ағылшын, бірі толық қазақ тілінде. Оқу барысында таңдалған тілді қолдану әр оқытушының міндеті.
Мен SDU-дағы мәдени-спорттық шараларға қатыса аламын ба?
Иә. SDU да әртүрлі студенттік клубтар бар. Солардың ішінде қалаған клубқа мүше бола аласыз. Университетіміз студенттердің онлай шараларға қатысуын әрдайым қолдайды.
SDU-да оқыған сабақтарымның кредиттерін өз университетіме ауыстыру рәсімі қандай?
Бұл туралы білу үшін өз университетіңізге хабарласып нақтылауыңыз керек.