Uncategorized

Академиялық алмасу туралы хабарландыру

Құрметті студенттер! 2022-2023 оқу жылының күзгі семестріне ҚР Білім және ғылым министрлігінің қаржыландыруымен өткізілетін академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша құжаттар қабылдау мерзімі басталды. ҚР БҒМ іс сапар шығындарын, тұру, сақтандыру және виза жасау жөнінде консулдық алымдарды қаржыландырады. Конкурсқа мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқитын студенттер ғана қатыса алады (грантта оқитын студенттер). Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:– GPA …

Академиялық алмасу туралы хабарландыру Read More »

Президент СДУ ұжымын құттықтады

Сулейман Демирель Университетінің ректоры Давронжон Гаипов ҚР Президентінің хатшысы Берік Уәлимен кездесіп, Мемлекет басшысының СДУ ұжымына арналған құттықтау хатын алды. Хатта Қасым-Жомарт Тоқаев университетімізді 25 жылдық мерейтойымен құттықтап, ұжымға толағай табыс тіледі.

SDU MINI MUN 2022 өтті

Сулейман Демирель Университетінің Әлеуметтік ғылымдар кафедрасы Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымына кіруінің 30 жылдығына арналған БҰҰ моделін өткізді. 12 наурызда Сулейман Демирель университетінде SDU MINI MUN 2022 өтті. Университетте студенттерге арналған интеллектуалды орта құрылған. Үш комитеттен тұратын делегаттар пікірталастарға, дебат ойындарына және дипломатиялық келіссөздерге белсенді қатысады. Олардың әрқайсысы біздің ынтымақтастық, сенім және бейбітшілік туралы көзқарасымызды дамытуға …

SDU MINI MUN 2022 өтті Read More »

«Біз білмейтін Әлихан: Алаш ардақтысының беймәлім қырлары»

5 наурыз – ұлт мақтанышы, белгілі қоғам қайраткері Әлихан Бөкейхановтың туған күні. Осыған орай, Алатау ауданы мектептерінің тарихшы мұғалімдеріне арналған «Біз білмейтін Әлихан: Алаш ардақтысының беймәлім қырлары» атты кеш ұйымдастырылды. Шараға арнайы қонақтары ретінде «Қыр баласы» қоғамдық қорының мүшесі, алаштанушы Мырзағали Абай және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың тарихшы ғалымы, PhD Тоқсанбаев Алмас қатысты. Сондай-ақ университетіміздің «Zamana» …

«Біз білмейтін Әлихан: Алаш ардақтысының беймәлім қырлары» Read More »

Қысқы мектеп-2022

Winter School-2022 (LX: Hack the Code) іс-шарасы сіздермен қайта байланыста! Естеріңізге сала кетсек, Winter School-2022 уақыты еліміздегі төтенше жағдайға байланысты шегерілген болатын.Қазіргі шешімге сай, Қысқы Мектеп 14-27 ақпан аралығында өтетін болады. Форматы толығымен Moodle платформасына, асинхронды нұсқаға ауыстырылды.Егер сіз тіркеліп қойған болсаңыз, қайта тіркелу қажет емес. Тіркелмеген оқытушылар, осы мүмкіндікті пайдаланып үлгеріңіздер! Тіркелу сілтемесі. *СДУ қызметкерлері үшін қатысу тегін*Winter …

Қысқы мектеп-2022 Read More »

SDU Ashyq жүйесін қолдана бастады

1 шілдеден бастап Сулейман Демирель атындағы Университет ресми түрде “Ashyq” қосымшасын енгізді. Университет кампусына кіру үшін талапкерлер, олардың ата-аналары, білімгерлер мен қызметкерлердің COVID-19 статусы тексерілуі міндетті. Статус QR-код арқылы тексеріледі, ол үшін смартфоныңызда өзіңіздің ЖСН көрсетілген “Ashyq”, “HALYK Homebank” немесе Kaspi.kz қосымшалары орнатылуы тиіс. Университет кампусына тек жасыл және көк статусы бар азаматтардың кіруіне рұқсат. 

СДУ үздік зерттеушісі 2020 және СДУ ішкі зерттеу гранттары конкурстарының нәтижелері белгілі болды.

 Жақында университетіміздің биылғы жылғы үздік ғылыми зерттеушілері анықталды. Халықаралық және жергілікті ғылыми журналдар, кітап, үздік ғылыми жетекші, Scopus дәйексөздері номинациялары бойынша алты үздік зерттеуші ғалымдар марапатталды. Олардың ішінде: Олимжан Баймуратов, Фарух Машуров, Райхан Абнасырова, Мадина Алиманованың еңбектері еленді. Осыған қоса, биылдан бастап СДУ ішкі зерттеу гранттарын тағайындай бастады. Әр саладығы зерттеу жұмыстарына биылғы жылы әрқайсысы 1 …

СДУ үздік зерттеушісі 2020 және СДУ ішкі зерттеу гранттары конкурстарының нәтижелері белгілі болды. Read More »

Қазақ тілі мен әдебиеті бойынша пән олимпиадасы

Бүгін СДУ Тілдік білім беру кафедрасы Қазақ тілі мен әдебиеті бойынша еліміздің жоғары оқу орындарының студенттері арасында ХІІІ Республикалық пән олимпиадасын сәтті аяқталды. Үшінші кезең нәтижелері мен жүлдегерлер төменде көрсетілген.  Олимпиадаға қатысқан барлық команда мүшелеріне алғыс айтамыз. Жеңіске жеткен университет ұжымын, студенттерін және жетекшілерін құттықтаймыз. Олимпиадаға жоғары оқу орындарының «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру …

Қазақ тілі мен әдебиеті бойынша пән олимпиадасы Read More »

Университетіміз онлайн форматта оқытуға ауысады

Алматы облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің м. а. 2021 жылғы 25 наурыздағы «Алматы облысының аумағында карантин режимі және кейбір шектеу шараларын күшейту туралы» №6 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» шешімінің негізінде: – Алматы облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің м. а. 2021 жылғы 25 наурыздағы «Алматы облысының аумағында карантин режимі және кейбір шектеу шараларын күшейту …

Университетіміз онлайн форматта оқытуға ауысады Read More »

СДУ оқытушылары қауымдастырылған профессор ғылыми атағына ие болды

Сулейман Демирель атындағы университеттің Пәнаралық білім беру орталығының оқытушылары – Райхан Абнасырова мен Айсұлу Нұржанова «Тіл білімі» мамандығы бойынша қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағына ие болды. Айта кеткен жөн, оқытушылар «Ғылыми атақ беру туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының 2021 жылғы 1 наурыздағы № 165 …

СДУ оқытушылары қауымдастырылған профессор ғылыми атағына ие болды Read More »

ISPT Registration

SDU

«Болашақ» халықаралық стипендиясының екі дүркін иегері. 2011 жылы Англияның Newcastle университетінің магистратурасын Халықаралық мультимедиалық журналистика мамандығы бойынша бітірген. Ал 2021 жылдың наурыз айында Шотландияның Glasgow университетінде үш жылдан астам уақыт бойы жазған докторлық диссертациясын мерзімінен бұрын сәтті қорғап шықты. 1 айдан кейін оған Медиа және мәдени саясат мамандығы бойынша ресми түрде Философия докторы ғылыми атағы берілді. Dr Әсел негізі 1451 жылы қаланған университеттің Мәдени саясатты зерттеу орталығында (Centre for Cultural Policy Research) қызмет еткен. Аты әлемге әйгілі, nationalism ұғымының Ұлыбританияда негізін қалаушылардың бірі Эрнест Геллнерден тәлім алған Филип Слесинджердің шәкірті. Сондай-ақ, ол  магистратура студенттеріне Зерттеу әдістері (Research Methods) пәнінен дәріс оқып, Қазақстаннан тұңғыш рет PhD дәрежесін иеленген маман атанады. 

Докторлық диссертациясы, «Қазақ киносы және ұлт: сыни талдау» тақырыбы, ұлт құрылысы (nation building)  тәсілімдемесі арқылы зерттелген (Kazakh cinema and the nation: a critical analysis – Enlighten: Theses (gla.ac.uk)). Ғылыми еңбекте ол қазақ киносына британ әлеуметтанушы Энтони Смиттің энтосимволизм концепциясы бойынша талдау жасап, қазақ халқының ұлт болып қалыптасуына атажұрттық фильмдердің әсері қаншалықты деген сұраққа жан-жақты жауап беруге ұмтылады. 

Диссертацияның жаңалығы – бұл отандық Еуразия Халықаралық  кинофестивалін академиялық тұрғыдан алғаш рет зерттеп, ғылымның фильм фестивальдері (film festival studies) атты жаңа саласына EurIFF ұғымын тұңғыш рет енгізді (бұл турасында ағылшын тілді ғылымда бір де бір диссертацияны айтағанның өзінде,  ғылыми орта назар аударарлық мақала да жоқтың қасы). Сонымен қатар, осы саланы зерттеп жүрген әлем зерттеушілеріне қазақ киносын, Қазақстанның халықаралық фестивалін ғылыми еңбегі арқылы танымалдандырды. 

Бұған дейін Әсел Қамза «Хабар» арнасында 2006-2010 жж. аралығында  «Азамат» жастар бағдарламасының редакторы, кейіннен продюсері, «Біз айтсақ…» ток-шоуының шеф-редакторы, қазақ және орыс тілінде хабар таратқан «Бизнес мекен» таңғы бағдарламасының сценарисі қызметін атқарып, ондаған тікелей эфирлерде жұмыс жасап, практик-журналист ретінде тәжірибесін толықтырды. Оның ішінде 2008-2009 жылдары «Қазақстанда жасалған» атты отандық өндірушілерді қолдау мақсатында ашылған тележобаның сценарист-редакторы әрі жүргізушісі болып жұмыс істеген. 2011-2014 жылдары «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Ішкі протокол және бұқарамен байланыс департаментінде маман деңгейінен бастап, жарнама бөлімінің бастығы позициясына дейін көтеріліп, 160 000-нан астам қызметкері бар  ұлттық компанияның  PR стратегиясын дамытып, үйлестіруге үлес қосқан. 

Сулейман Демирель Университетінде бакалавриат және магистратура шәкірттеріне қазақ және ағылшын тілдерінде Масс коммуникация теориясы, Зерттеу әдістері, Масс коммуникациядағы зерттеу әдістері, Медиа Социология және Бейне композиция пәндерінен сабақ береді. Ұлыбританияда 5 жылға жуық уақыт ішінде жинаған бүкіл өнегесі мен бар тәжірибесін күнделікті дәрісінде пайдалануға тырысады. Студенттеріне сыни ойлауға, сындарлы пікір білдіруге жөн сілтейді. Ғылыми жұмыс жазған кезде, кеңестік кезден келе жатқан дәстүрлі жүйе бойынша, тек ғылыми жетекшінің жөн-жобасын ғана басшылыққа алуды ғана үйретпей, шын мәнінде бүкіл жауапкершілікті өз мойнына алуға, өз бетінше, еркін және тәуелсіз жұмыс істеуге дағдыландырады. 

Мақалалары отандық ғылыми журналдарда жарық көрген. Қазіргі таңда толерантты журналистика, автобиографиялық фильмдерге қатысты зерттеу жұмыстарымен айналысады. 

Өмірлік ұстанымы – талап, сапа, нәтиже!

Open chat
Skip to content