Tagzym Nauryz

Tagzym Nauryz

Медиялық-ақпараттық сауаттылық апталығы

Медиялық-ақпараттық сауаттылық апталығы аясында СДУ журналистика мектебінің оқытушылары мен танымал журналистер 3 күн бойы дәрістер, семинарлар және шеберлік-кластар өткізді. Үш күндік медиялық-ақпараттық сауаттылық апталығы барысында қатысушылар түрлі тақырыптарды тыңдап, медиалық-ақпараттық сауаттылыққа байланысты практикалық тапсырмаларды орындады. Осы үш күн ішінде 60-қа жуық қатысушы қатысып, 10-нан астам спикер сөз сөйледі. «Медиалық-ақпараттық сауаттылық апталығы» жобасының соңғы күні арнайы …

Медиялық-ақпараттық сауаттылық апталығы Read More »

«Synergy Partners»заң фирмасы

Әр студент өзінің мансабын құру туралы ойлайды. Сондықтан бірінші кезекте не істеу керек? Қалай табуға болады? Әңгімелесуден қалай өту қажет? Болашақтағы табысты мансапқа қалай сенімді қадам жасауға болады? Жоғарыда аталған барлық сұрақтарға Нұржан Стамқұлов пен Али Дауталинов, Legal500 рейтингіне кіретін «Synergy Partners» заң фирмасының серіктестері мен аға заңгерлері жауап берді.

Турлуковский Ярослав

1-қазан күні СДУ студенттері Варшава университетінің «Құқық және басқару» факультетінің Шығыс Еуропа және Орталық-Азия зерттеулер орталығының директоры, Джерси қаласындағы заң институтының профессоры Ярослав Турлуковскиймен кездесті. Ярослав студенттерге Джерси аралында Британдық білім алу мүмкіндігін түсіндіріп, осы аспектіге қатысты барлық сұрақтарға жауап берді. Варшава облыстық сотында посткеңестік кеңістіктегі азаматтық құқық мәселелері бойынша сарапшы ретінде қысқаша шолу жасады.

Jaxart 2019 бағдарламалық жасақтама форумы

JaXart 2019 бағдарламалық жасақтаманы әзірлеушілердің бірінші республикалық форумы 2019 жылдың 1-3 қарашасында өтеді. Бізде келесі екі негізгі санат және кіші санат бар. Коммерциялық кәсіпорын: Интернет арқылы сатып алу-сату Қаржы / Аудит  Маркениг Кәсіпкерлік Ақпараттық технологиялар: Бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу Жабдықтарды әзірлеу Деректерді зияткерлік өңдеу (Қолданбалы математика) Ойын құралдарын әзірлеу Ұйымдастырушы: СДУ технологиялық орталығы ⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀ ⠀⠀ …

Jaxart 2019 бағдарламалық жасақтама форумы Read More »

Кітап оқу сайысы

Кітап оқу сайысыСіздергеСДУ-да кітап оқу байқауы өткізілетіндігін хабарлаймыз! Егер сіз оқуды ұнатсаңыз немесе жақсы әдетті сақтауды бастағыңыз келсе, онда бұл шара сіз үшін. Қатысушыларды түрлі сыйлықтар күтіп тұр. Біз сіздерді күтеміз, сипаттамадағы сілтеме бойынша өту үшін, барлық ақпарат сайтта бар. t.me/sdubook Конкурсқа қатысу тегін жүргізіледі.Басталатын күні – 1 қазан Аяқталу күні – 31 қазан ⠀Оқу …

Кітап оқу сайысы Read More »

Сиқырлы таң немесе бірінші сағат табысыңызды қалай анықтайды?

Біз сіздерге «Сиқырлы таң»атты СДУ-де қызықты іс-шараның ашылғанын хабарлағымыз келеді. Оянғаныңыздан кейінгі бірнеше сағат өте құнды, өйткені сіздің миыңыз шығармашылық күйде болады. Күніңіздің бірінші сағаты көбінесе күніңіздің немен аяқталатынын нұсқауы мүмкін. «Сиқырлы таң» іс-шарасы – бұл біздің университеттің барлық студенттері үшін таңертеңгілік өзін-өзі дамыту бойынша үш апталық өзіндік марафон. Біздің барлығымызға өз бетімізбен, жеке бастау …

Сиқырлы таң немесе бірінші сағат табысыңызды қалай анықтайды? Read More »

PhD Мартин Ен Хо Хён: Индустрия дәуірі 4.0: артықшылықтары мен кемшіліктері.

PhD Мартин Ен Хо Хён: Индустрия дәуірі 4.0: артықшылықтары мен кемшіліктері. Оңтүстік Кореядағы маркетинг пен Қазақстандағы маркетінгтің арасындағы айырмашылық қандай? Бұл туралы 14-қазанда Оңтүстік Кореялық профессордан толығырақ біле аласыз. Ол жаңа дәуірдің маркетингі туралы, соның ішінде сандық технологиялар маркетингі туралы айтып береді. «MPOWER WORKSHOP»-ке қош келдіңіз, трендте болыңыз! Іс-шараның өткізілу орны: Сулеймен Демирель атындағы университет,Алматық. …

PhD Мартин Ен Хо Хён: Индустрия дәуірі 4.0: артықшылықтары мен кемшіліктері. Read More »

Джулиана Карузо: Менің маркетингтегі мансап жолым

Джулиана Карузо: Менің маркетингтегі мансап жолым, соның ішінде стандарты маркетинг және сандық технологиялар маркетингі. Осы екі фактордың үйлесімі қандай? Интернет-маркетингтің артықшылықтары қандай? Instagram-да өз жеке сауда маркасын жасап, өз атын жарнамалаудың ең жақсы жолы қандай? Танымал сән блогері Джулиана Карузодан осы және басқа да көптеген сауалдарға жауап аласыз. Бұл мүмкіндікті жіберіп алмаңыз! «MPOWER WORKSHOP»-ке қош …

Джулиана Карузо: Менің маркетингтегі мансап жолым Read More »

ЭКО Кубогы 2019

Құрметті студенттер! Сіз ECOCUP Football Championship 2019 сайтында тіркеле аласыз. Бұл Сулеймен Демирель атындағы университеттің Бизнес-мектебі ұйымдастырған футболды одан әрі дамыту және салауатты өмір салтына назар аудару аясындағы ерекше іс-шара. Келіңіздер, бізбен бірге жеңістің куәгері болыңыз!

«Болашақ» халықаралық стипендиясының екі дүркін иегері. 2011 жылы Англияның Newcastle университетінің магистратурасын Халықаралық мультимедиалық журналистика мамандығы бойынша бітірген. Ал 2021 жылдың наурыз айында Шотландияның Glasgow университетінде үш жылдан астам уақыт бойы жазған докторлық диссертациясын мерзімінен бұрын сәтті қорғап шықты. 1 айдан кейін оған Медиа және мәдени саясат мамандығы бойынша ресми түрде Философия докторы ғылыми атағы берілді. Dr Әсел негізі 1451 жылы қаланған университеттің Мәдени саясатты зерттеу орталығында (Centre for Cultural Policy Research) қызмет еткен. Аты әлемге әйгілі, nationalism ұғымының Ұлыбританияда негізін қалаушылардың бірі Эрнест Геллнерден тәлім алған Филип Слесинджердің шәкірті. Сондай-ақ, ол  магистратура студенттеріне Зерттеу әдістері (Research Methods) пәнінен дәріс оқып, Қазақстаннан тұңғыш рет PhD дәрежесін иеленген маман атанады. 

Докторлық диссертациясы, «Қазақ киносы және ұлт: сыни талдау» тақырыбы, ұлт құрылысы (nation building)  тәсілімдемесі арқылы зерттелген (Kazakh cinema and the nation: a critical analysis – Enlighten: Theses (gla.ac.uk)). Ғылыми еңбекте ол қазақ киносына британ әлеуметтанушы Энтони Смиттің энтосимволизм концепциясы бойынша талдау жасап, қазақ халқының ұлт болып қалыптасуына атажұрттық фильмдердің әсері қаншалықты деген сұраққа жан-жақты жауап беруге ұмтылады. 

Диссертацияның жаңалығы – бұл отандық Еуразия Халықаралық  кинофестивалін академиялық тұрғыдан алғаш рет зерттеп, ғылымның фильм фестивальдері (film festival studies) атты жаңа саласына EurIFF ұғымын тұңғыш рет енгізді (бұл турасында ағылшын тілді ғылымда бір де бір диссертацияны айтағанның өзінде,  ғылыми орта назар аударарлық мақала да жоқтың қасы). Сонымен қатар, осы саланы зерттеп жүрген әлем зерттеушілеріне қазақ киносын, Қазақстанның халықаралық фестивалін ғылыми еңбегі арқылы танымалдандырды. 

Бұған дейін Әсел Қамза «Хабар» арнасында 2006-2010 жж. аралығында  «Азамат» жастар бағдарламасының редакторы, кейіннен продюсері, «Біз айтсақ…» ток-шоуының шеф-редакторы, қазақ және орыс тілінде хабар таратқан «Бизнес мекен» таңғы бағдарламасының сценарисі қызметін атқарып, ондаған тікелей эфирлерде жұмыс жасап, практик-журналист ретінде тәжірибесін толықтырды. Оның ішінде 2008-2009 жылдары «Қазақстанда жасалған» атты отандық өндірушілерді қолдау мақсатында ашылған тележобаның сценарист-редакторы әрі жүргізушісі болып жұмыс істеген. 2011-2014 жылдары «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Ішкі протокол және бұқарамен байланыс департаментінде маман деңгейінен бастап, жарнама бөлімінің бастығы позициясына дейін көтеріліп, 160 000-нан астам қызметкері бар  ұлттық компанияның  PR стратегиясын дамытып, үйлестіруге үлес қосқан. 

Сулейман Демирель Университетінде бакалавриат және магистратура шәкірттеріне қазақ және ағылшын тілдерінде Масс коммуникация теориясы, Зерттеу әдістері, Масс коммуникациядағы зерттеу әдістері, Медиа Социология және Бейне композиция пәндерінен сабақ береді. Ұлыбританияда 5 жылға жуық уақыт ішінде жинаған бүкіл өнегесі мен бар тәжірибесін күнделікті дәрісінде пайдалануға тырысады. Студенттеріне сыни ойлауға, сындарлы пікір білдіруге жөн сілтейді. Ғылыми жұмыс жазған кезде, кеңестік кезден келе жатқан дәстүрлі жүйе бойынша, тек ғылыми жетекшінің жөн-жобасын ғана басшылыққа алуды ғана үйретпей, шын мәнінде бүкіл жауапкершілікті өз мойнына алуға, өз бетінше, еркін және тәуелсіз жұмыс істеуге дағдыландырады. 

Мақалалары отандық ғылыми журналдарда жарық көрген. Қазіргі таңда толерантты журналистика, автобиографиялық фильмдерге қатысты зерттеу жұмыстарымен айналысады. 

Өмірлік ұстанымы – талап, сапа, нәтиже!

Open chat