15 наурызда Инженерлік және Жаратылыстану ғылымдары факультетіне Салах Мехди, Лоррейн университетінің профессоры қонаққа келді. Кездесу барысында ғылыми қызметкерлер мен оқытушыларға арналған «Геометриялық және алгебралық тәсілдермен Дирак операторлары» атты семинар мен бакалавриат студенттеріне арналған «Симметриялар, топтар және алгебралық теңдеулер» тақырыбында лекция өткізіп кетті.
Сондай-ақ, профессор математика кафедрасының меңгерушісі Мадина Абдыкариммен, ғылыми қызметкерлері мен оқытушыларымен және халықаралық қатынастар офисімен кездесіп, өзара алдағы ынтымақтастық мүмкіндіктері туралы талқылады.