9 наурызда Сулейман Демирель атындағы Университет ректоры Әлімжан Игенбаев бастаған делегация Астана қаласына іс-сапармен барды.
Іс-сапардың негізгі мақсаты – Мақсұт Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ университетінің ұжымымен танысып, студенттерге жасалған оқу ғимаратының мүмкіншіліктерімен танысу. Кездесу барысында екі білім ордасы арасындағы ынтымақтастықты күшейту, оқу бағдарламалары, білімгерлермен алмасу, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жазу, кітапхана мүмкіндігін дамыту, оқытушылармен өзара тәжірибе алмасу бойынша келісімге қол қойылды. Екі тарап басшылығы мен делегация құрамы өзара пікір алмасып, болашақ жобалары жөнінде ой бөлісті.