Университетіміздің ғылыми кітапханасында Мария Еселева-Пионканың «Financial planning and Personal finance» атты кітабының тұсаукесері өтті.
Мария Еселева-Пионка Австралия мен Орталық Азияда (Қазақстан) оқытушылық және басшылық лауазымдарын атқарған. Қазіргі таңда SDU бизнес мектебінің профессоры болып қызмет атқарады.
Тұсаукесер рәсімі ағылшын тілінде қаржылық сауаттылық және оны жоспарлау тақырыбында өтті. Аталмыш іс-шарада студенттер мен оқытушылар бой көрсетті.
Іс-шара соңында доктор Мария Еселева-Пионка студенттер мен оқытушыларға өз қолтаңбасы қойылған кітаптарды сыйға тартты.