Университетімізге Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің ректоры Шакуликова Гүлзада Тәңірбергенқызы бастаған делегация арнайы қонаққа келді. Атырау өңірінен келген қонақтарды СДУ ректоры Әлімжан Игенбаев пен басшылық құрам қарсы алып, жоспарланған бағдарлама бойынша таныстыру жұмыстарын жүргізді. Қонақтар Университетіміздің ғылыми кітапханасын аралап, кампустағы студенттер үшін жасалған жағдаймен танысты. Екі білім ордасының арасынағы ынтымақтастықты нығайту, әріптестік қатым-қатынасты күшейту мақсатында меморандумға қол қойылды.
Сонымен қатар, Гүлзада Тәңірбергенқызы мен СДУ басшылық құрамы арасында ой-пікір алмасып, екі университетте оқытылатын білім бағдарламалары, профессорлық оқытушылық құрам жұмысының маңыздылығы, СДУ Бизнес мектебімен болашақ жобалар, халықаралық серіктестік бағытында бірлесіп жұмыс жасау және осы салалардағы болашақ серіктестік туралы сөз қозғалды.






