Университетімізге Forbes Kazakhstan журналының бас редакторы, AmalBooks баспасының басшысы, «Күміс кітап», «Қазақ бизнесменінің үстел кітабы» және тағы басқа да кітаптардың жарыққа шығуына себепші болған Бақытжан Бұқарбай қонаққа келді.
СДУ Педагогика және гуманитарлық ғылымдар факультетінің шақыртуымен арнайы келген қонағымыз «Аударма ісі» мамандығының студенттерімен кездесті. Кездесу барысында қазақ тіліндегі кітап нарығының бүгінгі жағдайы туралы, кітап аудару барысындағы қызықтар мен авторлық кітаптарының жарыққа шығу жолдары жайлы сөз қозғалды. Сондай-ақ, қызығушылық танытқан білімгерлерге өзінің өмірлік ұстанымдары жөнінде кеңінен айтып, сұрақтарына жауап берді. Жиын соңында Бақытжан мырза СДУ кітапханасына бірнеше авторлық кітаптарын сыйға тартты.


