Қазақстанның 129 университеті қатысқан Webometrics халықаралық рейтингісінің қорытындысы бойынша СДУ 8-орын алды.
Webometrics Ranking of World Universities-2023 әлемдік үздік білім беру мекемелері веб-сайттарының халықаралық рейтингісінде ЖОО зерттеуші ғалымдарының Scopus және Google Scholar ғылыми метрикалық жүйелеріндегі жарияланымдары ескерілді.
Жоғары оқу орындарының ең үлкен академиялық Webometrics Ranking мақсаты – университет беретін білімнің ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету.
Айта кетейік, Ranking Web редакторлары – метрикаға негізделген бағалауда айтарлықтай тәжірибесі бар әлемдік деңгейдегі қоғамдық зерттеу мекемелерінде жұмыс істейтін ғалымдар.