Педагогика және гуманитарлық ғылымдар факультеті Қазақстандағы тұңғыш тегін инклюзивті бастауыш сынып мектебінің ашылуына қатысты.
Аталмыш іс-шарада факультетте 2020 жылы ашылған жаңа 5 мамандық аясында 3 бағыт бойынша жұмыс жасау туралы сөз қозғалды:
1. Студенттерді өндірістік практикадан өтуге қабылдау;
2. Педагогика және психологияға қатысты ғылыми зерттеулерді бірге жазу;
3. Әлеуметтік тұрғыдан қолдау;
Еске сала кетейік, Сулейман Демирель Университеті және Алматы қаласындағы «Педагог академиясы» қоғамдық қорының аясында Қазақстанда тұңғыш ашылған тегін инклюзивті бастауыш сынып мектебі арасында меморандумға қол қойылған еді.


