10-11 қаңтарда Сулейман Демирель атындағы университетінде дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерге арасында алғашқы республикалық Роботтар Фестивалі өтті. Жарысты Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы мен USTEM Robotics қоғамдық қоры ұйымдастырды.
Алматы облысының мектептерінен және бүкіл Қазақстанның дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерінен жиналған 62 команда үшін жарыс екі санатта өтті – FIRST LEGO League Challenge және FIRST Tech Challenge. Екі күн бойы балалар роботтар ойынын өткізіп қана қоймай, биылғы маусым тақырыбы – «Энергетика» бойынша өздерінің инновациялық жобаларын ұсынды.
Daryn FIRST Championship қазылар алқасының құрамына IT және цифрлық технологиялар саласының жетекші сарапшылары, соның ішінде Microsoft қызметкерлері, De Montfort University, IITU, SDU университеттерінің профессорлары, High Tech Academy мектебінің мамандары кірді. Балалар 4 басты критерий бойынша бағаланды: роботтардың ойындары мен дизайны, инновациялық жоба және командалық жұмыс. Жарыстың ерекшелігі – оқушылар бағдарламашылар мен инженерлерден бастап, әлеуметтік желілер менеджерлері мен маркетологтарға дейін нағыз компанияның түрлі рөлдерін атқарады.