27 желтоқсан күні Сулейман Демирель университетінің басшылығы Қазақстан-Британ техникалық университетінде қонақта болды. Кездесу барысында екі университет басшылығы ынтымақтастықты арттырып, тәжірибе алмасуға келісті. Алдағы уақытта жүзеге асыратын ортақ жобаларды талқылады. Сондай-ақ ел тарихында маңызды шешімдер қабылданған тарихи орындардың бірі – ҚБТУ ғимаратымен, университеттің тыныс-тіршілігімен, нанолабораториясымен танысты.
ҚБТУ Қазақстан теңіз академиясы елімізде теңіз өнеркәсібінің сұранысына сай мамандарды даярлап келеді. Кездесуде СДУ ректоры Әлімжан Игенбаев осындай ерекше жоғары оқу орнымен тығыз жұмыс істеуге, ортақ жобаларды жүзеге асыруға әрқашан дайын екендігін жеткізді.