1948 жылы 10 желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясы Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясын қабылдауына байланысты бұл күн Халықаралық адам құқықтары күні болып таңдалды.
Адам құқықтары күніне орай Сулейман Демирелт атындағы университетте «Ашық қоғамдағы адам құқықтарының орны» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. 2022 жылдың 5 қарашасында Қазақстан Республикасының Сенаты қабылдаған «Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы» заңның қабылдануы бұл мәселенің еліміз үшін маңыздылығын көрсетеді. Шарада заң үстемдігі үшін адам құқықтарының маңызы, Қазақстанда адам құқығы қалай қорғалатыны, БҰҰ Адамгершілік комиссиясының баяндамаларында Қазақстан туралы қандай пікірлер бар бар екені, Қазақстанда халықаралық құқық нормалары қалай жүзеге асырылатыны туралы айтылды.
Жиынға қатысқан еліміздегі белгілі Джохар Утебеков СДУ студенттері өзімен бірге жұмыс істейтінін және олардың білім деңгейіне көңілі толатынын айтты.