Жақында елордада өткен Орталық Азия медиа-форумында бүркітші, Сулейман Демирель университетінің 3 курс студенті Айшолпан Нұрғайып туралы жазылған «Eagle huntress» кітабының тұсаукесері өтті.
Туындының тұсаукесеріне медиафорум қонақтары, кітаптың авторы, американдық жазушы Лиз Уэлч, Моңғолияның үшінші президенті Намбарын Энхбаяр, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары Аида Балаева, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі және Айшолпанның өзі қатысты. Шетелдік жазушы Орталық Азия медиафорумына Нью-Йорктен арнайы келді.
Лиз Уэлч – «Glamour», «Real Simple» және «Inc.» журналдарына мақала жазады. Оның туындылары «O, The Oprah» журналында, «Vogue», «New York Times» және басқа да көптеген басылымдарда жарық көрген.
Кітап толықтай ағылшын тілінде жазылған. Айшолпанның айтуынша, енді туындыны қазақ тіліне аударып, қазақстандықтарға да ұсыну жоспарда бар.