Сулейман Демирель атындағы университетке ҚР ҰҚК Шекара академиясының басшылығы, курсанттары мен оқытушылары қонаққа келді. Қонақтар кампусты аралап, университет қызметімен танысты. СДУ Психологиялық қолдау орталығының мамандары курсанттарға тұлғалық даму бойынша семинар-тренингтер өткізді. Психологиялық тренинг соңында университет проректоры Малик Сатаев қатысушыларға сертификаттар мен сыйлықтар табыстады.