Бүгін Сулейман Демирель атындағы университетке қазақтың көрнекті ақыны Мұхтар Шаханов қонаққа келді. «Тарих апталығы» аясында өткен шараға қоғам қайраткерімен бірге 1986 жылы «Желтоқсан көтерілісіне» қатысқан азаматтар мен азаматшалар да қатысты. Қонақтар кездесу барысында жастармен Желтоқсан оқиғасы жайлы тың мәліметтермен бөлісті. Мұхтар Шаханов СДУ білімгерлері мен қызметкерлеріне бата беріп, ізгі тілегін білдірді.
«Әр адам тек шындық биігінен көрінуі керек. Елдің ұлттық мүддесін алға қойып, рухани тазалық, рухани шындық биігінен көрінсін», – деп Мұхтар ағамыз жастарға өсиет айтты.
Айта кетейік, «Тарих апталығын» СДУ MDE орталығы, «Zamana» тарихшылар клубы және СДУ Педагогика және Гуманитарлық ғылымдар факультеті бірлесе өткізіп жатыр.
