Бүгін Сулейман Демирель атындағы университетке Германия Федеративтік Республикасының Алматыдағы Бас консулы Марио-Инго Зоос мырза қонаққа келді.
СДУ басшылығы мен профессорлық-оқытушылық құрам Бас консулға университетті таныстырып, кампус тур жасады. Марио-Инго Зоос мырза
білімгерлермен кездесіп, халықаралық қатынастар жайлы лекция оқыды. Әсіресе, Германия мен Қазақстан арасындағы саяси қарым-қатынас жайлы айтты.
СДУ Халықаралық қатынастар және дипломатия бағдарламасының студенттеріне арнайы ұйымдастырылған кездесудің басты мақсаты – олардың өз мамандығына деген сүйіспеншілігін, ынтасын арттыру. Сондай-ақ елшілік өкілдері мен студенттер арасында байланыс орнату.
СДУ Құқық және Әлеуметтік ғылымдар факультеті алдағы уақытта да басқа елдердің өкілдерін, елшілік қызметкерлерін шақырып, кездесулер өткізіп тұрады.
