24 қараша күні Сулейман Демирель атындағы университетке IT саласындағы кәсіпкер Әмірхан Омаров келді. «SDU Talks» жобасы аясында студенттермен кездесіп, «Корпоративтік қызмет: стартап құру» тақырыбында лекция оқыды. Кездесу барысында тәжірибесімен бөлісіп, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді. Сондай-ақ болашақ кәсіпкерлерге кеңес берді. Әмірхан Омаров – СДУ Бизнес мектебінің мықты түлектерінің бірі.
Кәсіпкер стартап жобалармен Қазақстан нарығында айналыса бастаған. 2021 жылдан бастап «Ақылды тұрақтар» технологиясын Біріккен Араб Әмірліктерінде жүзеге асыра бастады. «Smart Parking Technologies» жобасы қазіргі таңда әлемдік нарықта сұранысқа ие.
