Бүгін Сулейман Демирель атындағы университетке Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе университетінің делегациясы қонаққа келді. Делегация мүшелері СДУ кампусын аралап, білім бағдарламаларымен, департаменттердің жұмыстарымен танысты. Екі жақ халықаралық ынтымақтастық, әлеуметтік мәселелер, оқу процесін цифрландыру, ғылым саласын дамыту және ғылыми кітапхана жұмысын жақсарту мәселелері бойынша тәжірибе алмасты.
Ақтөбе университеті департаменттерінің басшыларына СДУ-ға іссапармен келіп, жоғары білім саласындағы тәжірибесімен бөліскендері үшін алғыс білдіреміз! Ынтымақтастығымыз, серіктестігіміз арта берсін!
