Сулейман Демирель атындағы университетте «Көпұлтты Қазақстанда тіл мен мәдениеттің өзара әрекеттесуі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Онда еліміздің көпмәдениетті білім беру кеңістігіндегі тілдердің қызметі талқыланды.
«Бүгінгі шараға жетекші қазақстандық және шетелдік зерттеуші ғалымдар, педагогика, тіл білімі саласындағы сарапшылар қатысты. Олар Қазақстандағы тіл саясаты және тілдік ахуалды және жоғары оқу орындарында тілді оқытудың инновациялық әдістерін талқылады.
Дөңгелек үстелге қатысқан зерттеушілерге алғысымды білдіремін», – деді СДУ MDE орталығының директоры Жайнагүл Дүйсебекова. Дөңгелек үстелде еліміздегі көптілді білімнің педагогикалық аспектілері, тілді үйрету барысында тіл мен мәдени құндылықтарды байланыстыра отырып студенттердің сөйлеу дағдысын жетілдіру сияқты тақырыптар бойынша баяндамалар жасалды.
