Сулейман Демирель атындағы университет студенттері ректор Әлімжан Игенбаевпен және әр салаға жауапты проректорлармен кездесті. Жиындар бірнеше күн бойы еркін форматта өтті. Оған әр факультеттен белсенді білімгерлер мен оқытушылар қатысты.
СДУ басшылығы студенттермен университет қызметін, білім бағдарламаларын, әлеуметтік жұмысын дамыту, инфрақұрылымын жақсартуға қатысты жоспарларымен бөлісті. Инклюзивті білім беру жүйесі бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы ақпарат берді. Сондай-ақ ректор мен проректорлар білімгерлердің ұсыныстарын тыңдап, сұрақтарына жауап берді. Әлімжан Бекежанұлы кездесуде білімгерлердің пікірі маңызды екенін және көтерілген мәселелер көп ұзамай шешімін табатынын атап өтті.
Айта кетейік, студенттер мен қызметкерлердің университет басшылығымен кездесу оқу жылы ішінде дәстүрлі түрде бірнеше рет ұйымдастырылады. СДУ-да 4 түрлі бағыт бойынша: Құқық және Әлеуметтік ғылымдар факультеті, Инженерлік және Жаратылыстану ғылымдары факультеті, Педагогика және Гуманитарлық ғылымдар факультеті, Бизнес мектебі жұмыс істейді. 2022-2023 оқу жылында 8 мыңнан астап студент білім алып жатыр.
