Биылғы оқу жылынан бастап IT бағыттарына түскісі келетін талапкерлер ҰБТ-да информатика пәнінен тест тапсырады. Осы орайда Сулейман Демирель университеті Мультидисциплинарлық білім беру орталығы мұғалімдерге арналған шеберлік сағатын өткізді. Шараға Алматы қаласы Алатау ауданындағы информатика пәні мұғалімдері қатысты. Педагогтердің сұранысы бойынша алдағы уақытта мастер-класс толыққанды курс ретінде жалғасын табады.
