Бүгін Сулейман Демирель атындағы университетке Маңғыстау облысы білім басқармасының басшылығы, аудандық білім бөлімдерінің басшылары, мектеп директорлары қонаққа келді. Білім саласының мамандары СДУ кампусын аралап, оқу бағдарламаларымен, университеттің қызметімен танысты. Сондай-ақ СДУ-да оқып жатқан маңғыстаулық студенттермен де кездесті. Жиында Маңғыстау облысы білім басқармасының басшысы Динара Жұмашева білімгерлерге үміт артып отырғанын айтып, сәттілік тіледі.
«Сіздер – Қазақстандағы ең мықты университеттердің бірінде оқып жатқан бақытты студентсіздер. Елімізге қызмет ете беріңіздер, өңірге оралып, Маңғыстау облысын дамытуға атсалысады деген сенімдеміз. Біз сіздерге үлкен үміт артып отырмыз», – деді Динара Нағимоллақызы.