Бүгін Сулейман Демирель атындағы университетке «EF Education First» компаниясы сату бөлімінің президенті Айрис Хорманн қонаққа келді. Шетелдік қонақ университетіміздің студенттеріне «Тіл курстары, тағылымдамалар және халықаралық мансап» тақырыбында дәріс өткізді.
Айрис Хорманн «EF Education First» компаниясындағы қызметін 20 жылдан астам уақыт бұрын бастаған. Шетелдік тағылымдамадан өту, халықаралық деңгейде карьера құру, шет тілдерін үйренуде тәжірибесі мол. Бес елде және үш континентте шетелдік тәжірибе жинақтаған.
Сулейман Демирел университеті білімгерлерді EF Dictation – диктант жазу арқылы ағылшын тілі дағдыларын дамытуға бағытталған жобаға қатысуға шақырады. Бас жүлде – Ұлыбританиядағы EF тіл мектебіне саяхат.
Қатысуға өтінімдер ef.kz@ef.com электронды поштасы арқылы қабылданады.