Бүгін Сулейман Демирель атындағы университетке Қазақстандағы Оңтүстік Корея елшілігінің бас хатшысы Ян Сэ-бёк пен бас сарапшысы Шин Мин-гёнг қонаққа келді. Шетелдік қонақтар осы жылы Кореяда тағылымдамадан өткен СДУ оқытушысы Жайнагүл Дүйсебекованың ғылыми жобасына қызығушылық танытып, университетке сұхбат алу мақсатында келді. Елшілік өкілдері оқытушыны 25 қараша күні Астана қаласында ұйымдастырылатын ауқымды семинарға спикер ретінде шақырды.
Сондай-ақ қонақтар СДУ Педагогика және гуманитарлық ғылымдар факультетіндегі кәріс тілін оқып жүрген 200-ге жуық студентпен кездесіп, алдағы екі жылда аталмыш факультетте Кәріс орталығын ашып беруге уәде берді. Студенттердің кәріс тілін үйрену үшін пайдаланып жүрген оқулықтарын жаңартуға атсалысатынын айтты.